Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасы жекелей сында әлем чемпионатының Азиялық іріктеу кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Катарда өтетін іріктеу сайыстарына Қазақстан сапынан Кирилл Герасименко, Айдос Кенжіғұлов, Алан Құрманғалиев, Ескендір Харки, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова, Ая Әлімбаева, Ангелина Романовская, сондай-ақ жаттықтырушылардан Эльмира Алиева, Дмитрий Переверзев, Дмитрий Левенко қатысады», деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Турнир 7-13 қаңтар аралығында өтеді. Спортшыларымыз жеке, жұптық және аралас жарыстарда жолдаманы сарапқа салады.
Айта кетсек, әлем чемпионаты 20-28 мамыр аралығында Оңтүстік Африканың Дурбан қаласында өтеді.