Премьер-министр Әлихан Смайылов елордадағы Әбу Насыр әл-Фараби мешітіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет басшысы қаңтар оқиғасы құрбандарының рухына дұға бағыштап, құрбан шалды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, былтыр қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштаған еді.