• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 06 Қаңтар, 2023

Ғылымға мемлекеттік қолдау қажет – Алтай Көлгінов

432 рет
көрсетілді

Қазақ ғылымы мемлекеттік қолдауды қажет етеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біздің ғылыми қауымдастық, жоғары оқу орындарының ректорлары, жоғары оқу орындарының тарапынан үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Шешілетін жоспарларды талқыладық. Атап айтқанда цифрландыру мәселелері, ұстаздарымыздың біліктілігін арттыру, болашақта кадр қажеттілігін дұрыс болжау, бізге қажет жаңа мамандықтар талқыланды. Біз бәсекеге қабілетті болу үшін көп жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін жағдай жасауымыз керек. Мемлекет басшысының нақты тапсырмалары ғылымды дамытуға бағытталған. Ғылымға мемлекеттік қолдау қажет», деді Алтай Көлгінов.

Вице-премьердің айтуынша, ең маңызды міндет – қазақстандықтарды ғылымға көбірек баулу.

«Бүгінде мемлекеттен қаражат бөлініп, ғылыми-зерттеу институттары қызметкерлерінің жалақысы көтеріліп, ғылыми зерттеулерге, стартап жобаларға гранттар бөлініп жатыр. Біз бизнес пен ғылымның үйлесімді жұмыс істегенін қалаймыз», деп қосты Көлгінов.

Вице-премьердің айтуынша, келесі маңызды мәселе - жастарға заманауи білім беру.

«Университеттер заманауи зертханалармен, жаңартылған кітапханалармен қамтамасыз етіліп, оқытушылардың біліктілігін үнемі арттырып отыру маңызды. Осы мақсатта 20 жоғары оқу орнының базасында академиялық шеберлік орталықтарын құру бойынша мұқият жұмыс жүргізу қажет. Бұл жұмыстар 2021 жылы басталғанымен, әлі де нақты нәтиже көре алмай отырмыз. Өйткені министрлік ЖОО-мен дайындық жұмыстарын дер кезінде жүргізбеген. Біз оны жақсартуымыз керек», деді вице-премьер.