• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Ауа райы 07 Қаңтар, 2023

Бүгін ауа райы қандай болады?

575 рет
көрсетілді

Синоптиктер 7 қаңтарға арналған арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың мәліметінше, республика аумағында бұрқасын, көктайғақ болып, батыс пен оңтүстікте тұман күтіледі.

«7 қаңтарда еліміздің батысынан суық арктикалық антициклон ығыса бастайды, онымен бірге батыста жауын-шашынның бірте-бірте тоқтауы және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Республика орталығында солтүстік-батыста 20-28 градус аяз, республиканың солтүстігінде 25-33 градус аяз, шығыста және оңтүстікте 5-13 градус аяз болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.