«Қазавтожол» Қазақстандағы жабық жолдар учаскелері туралы өзекті деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қарлы боран мен көрінудің шектелуіне байланысты республикалық тасжолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды», деп хабарлады «Қазавтожол» ҰК баспасөз қызметінен.
Ақмола облысында Жезқазған-Петропавл тасжолының 377-440 шақырымында көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Сондай-ақ «Көкшетау-Атбасар» тасжолының 49-184 шақырымында көлік қозғалысы шектелген.
Абай ауданында «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 910-1002 шақырымында, жүк және қоғамдық көлік үшін «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 1002-1087 шақырымында, «Алматы-Өскемен» тасжолының 971-1068 шақырымында шектеулер енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Шемонаиха» және «Өскемен-Риддер» тасжолында көліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді.
Ұлытау облысында «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Жезді ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі бөлігінде көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Қостанай облысында «Жезқазған-Петропавл» тасжолының екі учаскесі көліктердің барлық түрі үшін жабылды. Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына және Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін жабық.