• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Қаңтар, 2023

Сенаторлар өңір жағдайымен танысты

126 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова Түркістан облысы мен Шымкент қаласына сапары барысында аудандық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен, кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.

Сенатор Мемлекет басшы­сының Қазақстан халқына Жол­дауында алға қойылған міндет­терді іске асыру барысын ауыл тұрғындарымен бірге талқылады. Кездесуге қатысушылар Пре­зиденттің бастамасы бойынша әділетті Қазақстанды құру­­ды көздейтін саяси және эконо­микалық реформаларды қолдау жөніндегі Сенат жүргізіп жатқан заң шығару жұмысына жан-жақты тоқталды.

«2022 жылы біздің еліміз­де жаңа кезең басталды. Пре­зи­дент бастамасы бойынша жүзеге асқан реформалар аясында Парламенттің рөлі мен ықпалы арта түсті. Бұл қадам­дар Қазақстанды одан әрі демо­кратияландыруға бағытталған деп санаймыз», деді Әли Бектаев.

Кездесуге қатысушылар соны­мен қатар ауылдық елді мекен­дердің инфрақұрылымын жаңғыртудың, ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартудың және білім беру саласын дамы­тудың өзекті мәселелерін де талқылады.

Ал сенаторлар Нұрлан Бекна­заров пен Айгүл Қапбарова Шым­кент қаласындағы «Энерго­орталық-3» АҚ жұмысымен танысты. Биыл мұнда электр стансасының негізгі және қосал­қы жабдықтарына жөндеу жұмыс­тары жүргізілді.

Компания өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын 1981 жылы салынған. Оның негізгі жабдық­тары 61,5 пайызға дейін тозып кеткен. Сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, еліміздің бірқатар жылу электр стансаларында орын алған ауыр апаттарды және жылу беру маусымында ава­риялық жағдайлар мен тех­ни­калық ақауларды алдын алу­дың маңыздылығына ЖЭО басшы­лы­ғының ерекше назарын аударды.

«Мемлекет басшысының тапсыр­масы бойынша энергия өндіруші компанияларға ауқым­ды технологиялық сараптама жүргізілді және шаралар жос­пары белгіленді. Алдағы уақытта электр стансалары бас­шы­ларының жауапкершілігін арт­тыру мәселелері бойынша қол­даныстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылатын болады», деді Айгүл Қапбарова.

Сенаторлар «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің құрылыс барысымен және мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында іске қосылған «Атамекен» меди­циналық орталығының жұмы­сымен де танысты.