Ақтау маңында жанар-жағармай материалдары бар цистерна жарылды. Оқиға орнында дене жарақаттарын алған екі адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай 7 қаңтарда Мұнайлы ауданының Дәулет ауылында кешкі сағат тоғызда болды. Көлік компанияларының бірінің базасында жанар-жағармай материалдары бар цистерна жарылып, өрт болды. Нәтижесінде екі адам түрлі жарақат алды.
Кейін облыстық көпсалалы ауруханадан хабарланғандай, жарылыс орнынан 41 және 33 жастағы екі ер адам медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір олар реанимацияда жатыр.