• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Қаңтар, 2023

Индонезияда цунами қаупі туралы ескерту жарияланды

239 рет
көрсетілді

9 қаңтар күні кешке Индонезия жағалауында 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ-тың геологиялық қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жерасты дүмпулерінің ошағы Малуку провинциясындағы Танимбар аралдарының солтүстік-батыс жағалауында орналасқан. 

Жер сілкінісінің ошағы 95,2 шақырым тереңдікте болған. 

Жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туралы ескерту жарияланды.