Республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен»-«Жоламан-Үшарал» автожолында жүк көліктері үшін қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының деректері бойынша сағат 20:30-дан бастап ауа райының нашарлауына, қар аралас жауын-шашынның көп түсуіне байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» автожолында жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
ТЖД жүргізушілерді аталған бағытта жүруден бас тартуды және «112» қызметінің SMS-хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрады.