21:30-дағы жағдай бойынша 13 облыста қатты аязға байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 52 учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазавтожолға сілтеме жасап.
Қозғалыс тек жолаушыларды тасымалдайтын автобустар мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін шектеулі:
Абай облысында - «Омбы-Майқапшағай» автожолында 587-733 км, Павлодар облысының шекарасы учаскесі-Семей қаласы.
«Омбы-Майқапшағай» 910-1002 км, Қалбатау ауылы учаскесі-Көкпекті ауылы.
Ақмола облысында- «Астана-Ерейментау-Шідерті» 16-200 км, Астана учаскесі-Павлодар облысының шекарасы.
«Екатеринбург-Алматы» 1291-1353 км, Астана учаскесі-Қарағанды облысының шекарасы.
«Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» 16-51 км, Астана учаскесі-Қарағанды облысының шекарасы.
«Екатеринбург-Алматы» 856-1247 км, СҚО-Астана шекарасы учаскесі.
«Көкшетау-Омбы» 2-50 км, Көкшетау-СҚО шекарасы.
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232-260 км, Қостанай облысының учаскесі-Сұрған кенті.
«Астана-Петропавл» 291-341 км, Көкшетау учаскесі-СҚО шекарасы.
«Щучинск-Зеренді» 0-77 км, Щучинск-Зеренді учаскесі.
Ақтөбе облысында - барлық бағыттар бойынша.
Атырау облысы - «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» 330-346 км, Ақтөбе облысының шекарасы-Сағыз кенті.
Жетісу облысында – «Алматы-Өскемен»124-558 км, Жоламан кенті учаскесі-Үшарал қаласы.
БҚО-да - «Самара-Шымкент» км 394-526, Жымпиты кенті учаскесі-Ақтөбе облысының шекарасы.
Қарағанды облысында - «Астана–Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 51-266 км, Ақмола облысының шекарасы - Теміртау учаскесі.
«Екатеринбург-Алматы» 1492-2005 км, Қарағанды учаскесі-Жамбыл облысының шекарасы.
«Қызылорда-Павлодар» 762-906 км, Атасу кенті учаскесі-Топар кенті.
Қостанай облысында - «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» км 106-232, Әулиекөл кентінің учаскесі-Ақмола облысының шекарасы.
«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный - Қостанай» 234-386 км, Ақтөбе облысының шекарасы учаскесі-Денисовка кенті.
Қызылорда облысында - «Қызылорда-Павлодар», Ұлытау облысының шекарасы-Қызылорда.
«Самара-Шымкент» 1240-1343 км, Ақтөбе облысының шекарасы-Арал қаласы.
Павлодар облысында - барлық бағыттар бойынша.
Ұлытау облысында - «Қызылорда-Павлодар» 216-433 км, Қызылорда облысының шекарасы-Жезқазған.
ШҚО-да - «Өскемен – Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай-Рахманов» автожолында көліктің барлық түрлерінің қозғалысы 6-166 км, Ушановское ауылы - Алтай қаласы учаскесі шектелді.