Иммундық-қабыну ревматикалық аурулардың даму механизмі өте күрделі. Сондықтан оны емдеуге заманауи әдістер қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында (ҒЗИ) иммуноблотинг әдісімен иммуноинфламациялық ревматикалық ауруларды диагностикалау және гендік-инженерлік биопрепараттармен емдеу жүргізілмек.
Ревматология жүйелі аутоиммунды ауруларды емдеумен айналысады. Қазіргі кезде бұл иммундық қабыну ревматикалық аурулары ретінде анықталады. Оны емдеуде негізгі терапия ретінде өз ағзасының аутоагрессиясын – метотрексат, глюкокортикоидтер, гидроксихлорохин және басқа синтетикалық ауруды басу үшін жақсы әсер ететін және ремиссияға әкелетін және өзгертетін дәрілер қолданылады. Бірақ терапияның қалыпты тізбегі тиісті әсер етпесе, инновациялық емдеу әдістері, яғни гендік-инженерлік биологиялық терапия қолданылады. Оның әрекет ету қағидаты – ағзалар мен тіндерге зиянды әсер ететін негізгі цитокиндерге нүктелік әсер ету. Мұндай емдеуді қосу ремиссияға қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар гормондардың, стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың, цитостатиктердің жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Гендік-инженерлік биологиялық терапияны ревматолог еліміздің клиникалық ұсынымдарына сәйкес көрсетілімдер бойынша қатаң түрде тағайындайды.
Пациенттер гендік-инженерлік биологиялық препараттардың бір бөлігін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін ала алады. Бүгінде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да республиканың түкпір-түкпірінен иммуноқабыну ревматикалық аурулары бар пациенттер емделуде. Бұл жөнінде аталған институттың жетекші консультанты, профессор, жоғары санатты ревматолог дәрігер, Қазақстан Республикасы ревматологтер сараптамалық кеңесінің мүшесі Ольга Машкунова айтты. Дәрігердің айтуынша, анкилозды спондилитпен, псориазды спондилоартритпен ауыратын пациенттер ревматологиялық бейін бойынша емдеу барысында ісік некрозы факторының ингибиторлары тобынан альфа-адалимумаб препаратын ала алады. Сондай-ақ бүгінгі клиникада иммунологиялық диагностика-иммуноблотинг әдісімен иммуноинфламациялық ревматикалық ауруларды диагностикалау мүмкіндігі бар. Айта кетейік, жүйелік иммундық-қабыну ревматикалық аурулары қазіргі уақытта толық емделмейді. Дегенмен гендік-инженерлік биологиялық препараттарды қолдану, заманауи инновациялық емдеу арқылы ауруды бақылауға, ремиссияға қол жеткізуге, өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыруға болады.