• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қаңтар, 2023

Алғыс айтуды ұмытпаңыз

478 рет
көрсетілді

Дәл осы 11 қаңтарды әлем халықтары ең сыпайы күн деп атайды екен. Бүгін ғаламшарымыздың түкпір-түкпірінде дүниежүзілік «Рахмет» күні тойланады. Атаулы күн жылулық пен қайырымдылық шашатын жалғыз тәулік емес, әрине. Адамзат бір-біріне жыл он екі ай бойы мейір шуағын төксе – құба-құп.

Адамдар өте жиі қолда­натын «рахмет» сөзінің шын мәнісінде сиқырлы қасиеті бар. Жақсы көңіл күй сыйлап, бір-бірімізді қуанышқа бөлеуге ынталандырады. Қай елге болсын саяхатқа шы­ғар болсаңыз, кез келген жол­серік кітапшасынан осы сөздің аудармасын таба аласыз. Психологтер де «рахмет» сөзіне ерекше мән бе­реді. Ол шын жүректен ай­тылса, адам­ды шаттыққа бө­леп, жан тыныштығын сыйлайды.

Қазақтар аса қатты разы болғанда, «Тәңір төбесіне тұтсын», дейді. Ал «Рахмет» сөзі алғаш рет сөздікке 1586 жылы Францияда ен­гі­зіліпті. Содан бері үш ға­сыр өтсе де, «рахмет» сөзі адамдардың бір-бірі­не де­ген сыйластығын білді­ре­тін әдеп нормасы са­налады. Осы күні айна­лаңыздағы барша жанға жиі алғыс білдіріңіз!