5-11 ақпан күндері Беларусьтің астанасы – Минскіде футболдан «Даму кубогі» деп аталатын жасөспірімдер арасындағы (U-17) дәстүрлі халықаралық турнирдің жалауы желбірейді.
Аталған жарыста сегіз команда өнер көрсетеді. Олар – Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Беларусь, Ресей және Иран құрамалары. Сондай-ақ ресейліктер мен алаң иелері 16 жастағы футболшылардан жеке команда жасақтап, осы додаға қосуды құп көрген екен. Ережеге сай қатысушылар екі топқа бөлінген. Жерлестеріміз А тобында бақ сынайды. Қарсыластарымыз – Беларусь, Өзбекстан және Ресей (U-16).
Александр Кузнецовтың шәкірттері өздерінің тұсаукесер кездесуін 5 ақпанда ресейліктермен өткізеді. Арада екі күн өткен соң өзбектермен шеберлік байқасады. Ал 9 ақпанда беларусьтармен күш сынасады.