Кеше Абай облысының құтқарушылары жарысқа бара жатқан 19 спортшыны эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Кеше «112» пультіне Өскемен-Алматы тасжолының 25 км-де Аягөзге жетпей эвакуациялауды қажет ететін ішінде 19 спортшысы бар «Газель» маркалы автокөлігінің сынғаны туралы хабарлама келіп түсті», делінген жергілікті ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқиға орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен 1 «ВАХТА» жоғары өтімді техникасымен жеке құрамның 4 адамы дереу жолға шықты. Оқиға орнына келгеннен кейін Аягөз қаласының №13 ӨСБ қызметкерлері жалпы саны 22 адам, 1 Газель мен 3 жеңіл автокөлікті эвакуациялады.
Медициналық көмек қажет болған жоқ. Кейін құтқарушылар адамдарды Аягөз қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне орналастырды.