• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қаңтар, 2023

Талдықорғанда есірткі сатушы марихуанамен ұсталды

215 рет
көрсетілді

Қала орталығында күдіктіні ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Нәтижесінде 30 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Оның дорбасынан 44 сіріңке қорабына салынған марихуана табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 125,35 граммды құрады. Бұл дерек СДТБТ-да ресми тіркелді. Күдікті УҰИ-ға қамалды.

«ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі «Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау» бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.