ІІМ өкілдерінің айтуынша, автоматтандырылған және заңдастыру туралы шешім қабылдау көп уақытты қажет етпейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай блыстық ПД процессингтік орталығының бастығы Ермұқан Мақпұнов бүгінгі брифингінде заңдастыру ережелері 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізілетінін айтты.- Көрсетілген ережелерде автокөліктерді заңдастырудың нақты критерийлері белгіленген. Біріншісі – автокөлік елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, екіншісі - іздеуде болмауы, үшіншісі - басқа мемлекетте есептен шығарылуы, төртіншісі - кедендік тазартудан өтуі керек. Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданылады. Ережелер салмағы 5 тоннаға дейінгі автокөліктерге, 3,5 тоннаға дейінгі шағын жүк автокөліктеріне, оның ішінде басқару органдары оң жақта орналасқан автокөліктерге қатысты, - деп атап өтті Е. Мақпұнов.
Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе мамандандырылған ХҚКО-ға жеке жүгіну арқылы беруге болады. Онда тек көлік құралдарын заңдастыруға құжаттар қабылдайтын секторлар жұмыс істейді. Сонымен қатар, онда заңдастыру ережелерін түсіндіретін әкімшілік полиция қызметкері болады. Өзіңізбен бірге - өтініш, жеке куәлік, автокөлік паспорты немесе тіркеу туралы куәлік, сондай-ақ меншік құқығын растайтын құжат болуы қажет.Заңдастыру туралы шешім екі күн ішінде қабылданады. - Екі күн ішінде полиция автокөліктің заң талаптарына сәйкестігін тексереді. Егер базада автокөлікті әкелу туралы мәліметтер болмаса, күні сақтандыру полисін ең бірінші рәсімдеу күні бойынша айқындалатын болады. Сондай-ақ, автокөлік Интерпол, ЕАЭО және тағы басқа базалары бойынша тексеріледі. Егер автокөлік тексеруден өтсе, өтініш берушінің телефонына оң нәтиже туралы хабарлама келеді, - деп атап өтті Е. Мақпұнов.Заңдастыру кезіндегі негізгі төлем – 200 мың теңгені құрайтын бастапқы тіркеу алымы. Сонымен қатар мемлекеттік нөмірге 9660 теңге және техпаспорт үшін 4313 мың теңге төленеді. Осыдан кейін өтініш иесі тіркеу құжаттарын және ҚР мемлекеттік нөмірін алады. Айта кету керек, шетелдік есепке алынған автокөліктерді заңдастыру – бұл бір реттік акция.