• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қаңтар, 2023

Ұлттық экономика министрі Анненская шахтасына түсті

303 рет
көрсетілді

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Сәтпаев қаласындағы Шығыс Жезқазған кенішіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұнда ол Анненская шахтасына түсіп, мыс өндірудің технологиялық процестерімен танысып, кеншілермен әңгімелесті.   Кен орнында 1780 адам жұмыс істейді. Мұндағы орташа жалақы - 762 мың теңге.   Сондай-ақ ҰЭМ басшысы «Kazakhmys Smelting» құрамына кіретін Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын 497 мың тонна көлемінде мыс концентратын өңдейді және жылына 178 мың тонна катодты мыс өндіреді.   Жезқазған мыс балқыту зауытында 2 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. Металлургтердің орташа жалақысы айына 518 мың теңгені құрайды.   Атап айтқанда, министр бірнеше цехтарды аралап, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. «Kazakhmys Smelting» компаниясының бас директоры Жәнібек Байғабелов зауытты жаңғырту, өндірістің келесі кезеңдерін іске қосу туралы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ол проблемалық мәселелерді көтерді. Мәселен, бүгінде газ және жабық вагондардың тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр.   Өңірлік даму саясатына жауапты Ұлттық экономика министрлігі моноқалаларды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл бағытта инженерлік және көліктік инфрақұрылымды жаңғыртуға, сондай-ақ моноқалалардағы халықтың өмір сүру деңгейіне ерекше назар аударылады. 2020-2022 жылдары ҚР ҰЭМ бюджеттік бағдарламасы аясында Сәтпаев қаласында «Батыс, шығыс аудандары мен №8 шағын аудан аумағының жер үсті суларын төмендету және бұру» жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінді.   Жалпы алғанда, моноқалаларды дамыту мәселелері министрліктің тұрақты бақылауында.