• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қаңтар, 2023

Кілем тоқуды үйретті

317 рет
көрсетілді

Тараз қалалық «Анаға тағзым» орталығындағы «Бойтұмар» қолөнер және дизайн студиясының ұйымдастыруымен «Қазақ халқының қолөнер бұйымдары» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Іс-шараға арнайы қатысқан қолөнерші Эльмира Жантаева орталықтағы қыз-келіншектерге түкті кілемді тоқудың тәсілдерін үйретті.

Шеберлік сағатына жи­на­лу­шылардың қарасы қа­­лың болды. Келушілер та­ра­пынан қойылған түрлі сауал­дарға жан-жақты жауап берген қолөнер шебері ты­қыр кілем, гобелен, бас­құр тоқудың техникаларын іс жүзінде жан-жақты көр­­сетіп, жылдар бойы жи­на­ған тә­жірибесімен бөлісті.

«Білгенімізді кейінгі толқынға үйрету, ұлттық өнер­­ді насихаттау – бар­ша­­­мыз­дың парызымыз. Байырғы бабалардан жал­ғасып келе жатқан ми­рас өнерді кейінгі жас­тар­дың ұмытпағаны дұ­рыс. Өйткені ықылым заманнан бері жалғасып келе жатқан өнеріміз ешқашан өлмеуі тиіс. Біз соған мүдделі болуымыз керек», дейді ше­бердің өзі көкейде жүрген ойы­мен бөлісіп.

«Анаға тағзым» орта­лы­­ғы­ның басшысы Эль­ми­ра Мырзағалидың ай­туы­н­ша, алдағы уақыт­та да ор­та­лық­­та ұлттық құндылық-

­тар­ды дәріптеуге арналған іс-ша­ралар легі толастамақ емес.

 

ТАРАЗ