• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қаңтар, 2023

Архив көрген оқушылар

208 рет
көрсетілді

Бір қарағанда архив – жанды тірліктің жансыз дерегі сынды. Бірақ бұл сырт көзге ғана. Асылында, архив әлемі тереңіне бойлап, жіті үңілетін зерделі иесіне кезіксе, оған да тіл бітіп сөйлейді. Содан ғой, архивті шежіре-кеніш дейтініміз.

Мемлекеттік архив қорына қатыс­ты құжаттар бүкіл халық­тың ортақ дəулеті. Оның мұқият сұрыпталып, екшеліп, ақау көрмей сақталуына жағдай туғызу – əрбір мекеме мен ұйымның міндеті. Сол міндетті кө­те­ріп жүрген Астана қаласының мем­лекеттік архиві бүгінде оқушы­лармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Жа­қын­да олар «Қадыр Мырза Әлі» атын­дағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің оқушыларын қонаққа шақырып, тарихи деректермен таныстырды.

Алдымен мекеме қызметкерлері оқу­шыларға архив қоймасын ара­­­­латып, «XX ғасырдың 20-30 жыл­­дарындағы Қазақстан» тақырыбы бойынша құнды құжаттарды көрсетті. Мұнда кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауы, Алаш партиясының қызметі, 1930-1940 жж. қуғын-сүргін, Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы, Қазақ КСР-нің құрылуы туралы маңызды мағлұматтар ұсынылды.

Архив қоймасының қыр-сыр­ла­рымен танысу барысында жас оқыр­ман­дарға көне қолжазбалардың қалай сақ­талғаны жайында ақпараттар бе­ріл­ді. Сондай-ақ елорданың ежелгі та­рихы баяндалды.

Кездесу соңында қалалық архив ұжымы жас қонақтарға жаңадан жа­рық көрген «Қарақойын болысына қатысты кейбір архив деректері жи­нағы» кітабын сыйға тартты.