• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қаңтар, 2023

Қазақстанда әуе билеттері қымбаттады

461 рет
көрсетілді

2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы әуе жолаушылар тасымалы қызметінің құны бір жылда 16,8%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Energyprom.kz мәліметінше, бағаның қымбаттауы ең алдымен Батыс Қазақстан облысында байқалды (67%). Тағы екі облыста бағаның өсуі тіркелді. Ол Абай облысы (жылына плюс 57,3%) және Қостанай облысы (плюс 43,2%). 

Тек Ұлытау (20,8%) және Алматы облыстарында (3,9%) ғана бағаның төмендеуі байқалады.

«2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында авиакомпаниялар 11 миллион жолаушыны тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16,5 пайызға көп. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді - 7,4 миллион адам», делінген хабарламада.

Сонымен қатар сарапшылардың мәліметінше, 2022 жылы аптасына 477 рейс жиілігімен 108 бағыт бойынша 30 елге халықаралық рейстер қалпына келтірілді.

6 қаңтарда Қазақстанда «ашық аспан» режимі бес жылға, яғни 2027 жылға дейін ұзартылғаны белгілі болды. Бұл рейстер географиясын кеңейтіп, халықаралық рейстердің санын көбейтеді.