• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Қаңтар, 2023

Қаратауда жоғалған 2 жасар бала табылды

355 рет
көрсетілді

2023 жылдың 15 қаңтарында Қаратау қаласының полициясына 2 жасар баланың үйінен жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Баланың анасы оны әжесімен бірге қалдырып, дүкенге кеткенін, ал қайтып оралғанда оны үйінен таппағанын айтты. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен (Адам ұрлау) сотқа дейінгі тергеу iсi басталды. Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы жедел түрде іздестіру іс-шараларын жүргізуге Қаратау қаласына барған.

«Хабарлама түскен сәттен біз баланы іздеуге кiрiстiк. Iздестiру шараларына 80 полиция қызметкері, 50-ден астам еріктілер және ауданның қамқор тұрғындары жұмылдырылды. Біз қаланың әр бұрышын аралап, барлық жертөлелер мен үйлердің шатырларын қарадық. Ең басты тiлегiмiз баланы тірі және сау табу болды», деді Талас АПБ ЖПҚб кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы полиция капитаны Жанғали Көпжасаров.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала мешітте табылып, Талас ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Медициналық тексеру барысында баладан ешқандай жарақат белгілері анықталған жоқ. Полиция қызметкерлерімен анықтау жұмыстары барысында анасы болмаған кезде таныс әжелер пәтерге келіп, алкоголь ішкенi белгілі болды. Баланың қатты жылағанын естіген пәтер қонақтарының бірі қатты мас күйінде оны көрпеге орап, жақын маңдағы мешітке апарған.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр.