• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Қаңтар, 2023

Екібастұзда зейнеткердің сөмкесін ұрлаған күдікті ұсталды

186 рет
көрсетілді

14 қаңтар кешкі уақытта Екібастұз қаласындағы Б.Момышұлы көшесінде кетіп бара жатқан  70 жастағы әйелдің сөмкесін белгісіз біреу жұлып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция басқармасының жеке құрамы хабар алысымен күдіктіні дереу іздеуге кіріскен.

– Сағат 18:00 шамасында рота командирінің орынбасары Ермат Айтмағанбетов қылмыс болған жермен бір аумақтағы мектептің ауласында жасырынуға тырысқан күдіктіге ұқсас адамды байқады. Полиция қызметкері оны ұстады. Оның қолында 520 теңге сомасында қаражат, карточкалар, телефон және кілттер салынған әйелдің сөмкесі болды. 27 жастағы ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тексеріс жүріп жатыр, – деді Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Фаруз Күсембеков.

Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын нақтылады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы – тұрғылықты жерінен кетпеу туралы қолхат алынды.