Әлемде және елімізде хайуанаттар бағы азайып келеді. Мәселен, 2018 жылы Қазақстанда олардың саны 20 болса, 2019 жылы – 18, 2020 жылы 16 болған-ды. Сондай-ақ хайуанаттар бағындағы жануарлар, құстар мен балықтардың саны бір жылда 29%-ға қысқарды. 2022 жылы 13 зообақ жұмыс істеді, оның алтауы – жануарларды ұстап көруге мүмкіндік беретін мекеме. Energyprom.kz мәліметінше, қазіргі уақытта хайуанаттар бағы Қазақстанның сегіз өңірінде ғана бар, оның ішінде сегіз хайуанаттар бағы – шағын бизнеске, үш зообақ – орта бизнеске, екі мекеме ірі бизнеске тиесілі.
Көңілге медеу тұстары, хайуанаттар бағы жануарларды ұстап көруге болатын мекемелерге деген сұраныстың құлдырауынан азайып келеді. Яғни 2016 жылы осындай 3 мекеме ашылса, 2017 жылы оның саны ресми түрде 14-ке жеткен, бірақ 2021 жылы 6 мекеме ғана қалды.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңда белгіленген жылжымалы жануарлар үйлерін, хайуанаттар бағын, жылжымалы аквариумдар мен жылжымалы жануарлар көрмелерін құруға әрі жүргізуге тыйым салу тек 2025 жылы күшіне енеді. Ал кәдімгі хайуанаттар бағының саны 2016 жылы 5-тен 2018 жылы 7-ге дейін өсті, содан бері мекеме саны өзгерген жоқ. Қазақстандағы хайуанаттар бағының жалпы аумағы 2021 жылы 100,5 гектарға жетті, оның ішінде 63,4 мың шаршы метр жануарлар, құстар мен балықтарға арналған үй-жайлардың аумағын құрады. Еліміздің хайуанаттар бағында тұратын жануарлар саны 2022 жылға қарай жылына 29%-ға, 12 мыңға дейін қысқарды, оның басым бөлігі оңтүстік астанаға тиесілі: 3,8 мың дана, бір жылда 55,3%-ға қысқарды. Екінші орында Астана орналасқан (деректер Ақмола облысымен бірге келтірілген): елорда мен облыстың хайуанаттар бағында 3,2 мың жануар, құстар мен балықтар өмір сүрген. Яғни бір жыл бұрынғыға қарағанда 6,7%-ға азайған.
Үштікті Шымкент қаласы түйіндейді: шаһардың хайуанаттар бағында 2,6 мың жануар өмір сүреді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға көп. Қазақстандық хайуанаттар бағында ең көп кездесетіні – балық. 2021 жыл оның саны 7,1 мыңға жеткен. Сондай-ақ хайуанаттар бағында 1,9 мың сүтқоректілер мен құстар, 744 омыртқасыздар, 341 бауырымен жорғалаушылар мен 54 қосмекенділер бар.
«Егемен-ақпарат»