• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2023

Биыл 15 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

539 рет
көрсетілді

Биыл Шымкентте мемлекеттік тілде білім беретін 15 жаңа мектеп ашылады. Нысандардың құрылысын жеке инвесторлар қаржыландырады. Бұл білім ошақтарында келешекте 11 мыңнан астам бала оқымақ.

Қалалық білім басқармасы таратқан мәліметке сәйкес жаңа мектептер мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында салынады. Жан басына қаржыландыру бағ­­дарламасы бойынша білім бе­­рі­леді. Бұл дегеніміз – білім ұя­ла­ры жекеменшік болғанымен, барлық шығын бюджет есебінен толтырылады. Сондықтан ата-аналар қалталарынан бір тиын да шығармай, балаларын тегін оқытады. Білім ошақтарының құрылысына байланысты осы жобаны жүзеге асыру арқылы алдағы уақытта мегаполистегі үш ауысымда білім беретін мек­тептердің мәселесі түбегейлі жо­йылады.

Ресми мәлімет бойынша, былтыр жан басына қаржыландыру бағдарламасымен жұмыс істейтін мемлекет-жекеменшік әріптестігі жүйесімен салынған 41 мектеп пайдалануға берілген еді. Онда қазір 24 мыңнан астам бала білім алып жатыр. Былтыр ғана ашылған 41 білім ошағының 34-і таза қазақ тілінде оқытатын мектеп болса, қалған жетеуі – аралас мектептер.

Бүгінгі таңда Шымқалада жал­пы орта білім беретін 246 мектеп бар. Оның 95-і – жекеменшік, қалғаны – мемлекеттік білім ошақтары. Сонымен бірге мегаполисте 579 мектепке де­йінгі білім беретін ұйымдар қыз­мет көрсетеді. Осы бөбекжай мен балабақшаларда 70 мыңға жуық шымкенттік балдырғандар тәрбиеленіп жатыр.

 

ШЫМКЕНТ