• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 17 Қаңтар, 2023

Қазақстан-Қытай арасындағы өзара мәселелер талқыланды

281 рет
көрсетілді

Қазақстаннның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ма Чжасюймен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесуде екі тарап Қазақстан мен Қытай арасындағы маңызды мәселелерді талқылап, ынтымақтастықты арттыру мен дамыту жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ 2023 жылға жоспарланған жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар сөз болып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс, шекара мәселелері мен ҚХР визалық режимін жеңілдету мәселелері айтылды.

«Өз тарапынан Ма Чжаосюй көтерілген мәселелердің маңыздылығын айтып, қытайлық тараптың аталған сұрақтар бойынша белсенді өзара ықпалдасуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ ол Қытайдың сыртқы саяси мекемесі биылғы жылы жоспарланған іс-шараларды ойдағыдай ұйымдастыру мақсатында Қазақстанның ҚХР-дағы елшілігімен тығыз әрекеттесуге әзір екенін айтты», деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті