• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қаңтар, 2023

Ұлытауда бірінші дүниежүзілік соғыстан қалған қару табылды

222 рет
көрсетілді

Ұлытау облысының тұрғыны бірінші дүниежүзілік соғыстан қалған қаруын құзырлы органдарға өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының 56 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлеріне Мannlicher М1895 мылтығын өз еркімен тапсырды.

«Кез-келген қару адам өміріне қауіпті. Сондықтан ол әрдайым бақылауда болғаны дұрыс. Бұл қарудың тарихы тереңде жатыр. Қарияға мылтық туысқандарынан мұра ретінде қалған. Зерттеу барысында облыстық ПД криминалистері бұл қару бірінші дүниежүзілік соғыз кезеңінен қалғанын анықтады. Соған  қарамастан ол әлі де жұмыс істеп тұр», делінген хабарламада.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ