• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қаңтар, 2023

Ақтөбе облысында жол апатынан Түркия азаматы қайтыс болды

248 рет
көрсетілді

Қостанай облысынан Ақтөбе қаласына қарай бара жатқан 43 жастағы жүргізуші (Түркия Республикасының азаматы) Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов ауылының маңында 47 жастағы жүргізушінің басқаруындағы DAF жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қатты соққы салдарынан Mercedes Benz автокөлігі жолдағы мұзды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан автогрейдерге соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes Benz көлігінің 43 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.

Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және олардың салдарын болдырмауға бағытталған жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырды.

Айта кетейік, қайғылы оқиға басып озу маневрін орындау кезінде болған.