Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «Медеу» саябағының директоры Алмас Аттапхановты, оның орынбасары Алмас Айқымбаев пен ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Асқар Жанаевты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Кәсіпкерлік субъектісінен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін пара алу фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Ведомствода атап өтілгендей, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.