Қазақстан елшісі Сатыбалды Бұршақовтың Израиль президентінің Сыртқы саясат жөніндегі аға кеңесшісі Цви Вапнимен кездесуі барысында Қазақстан мен Израиль арасындағы 2023 жылға арналған іс-қимыл жоспары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Келіссөздер аясында қазақстандық дипломат израильдік әріптестерге мемлекеттік органдарда қарастырылып жатқан екіжақты келісімдердің жобаларын келістіруді жандандыруды, сонымен қатар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту бойынша жұмысты күшейтуді ұсынды.
Сонымен бірге С. Бұршақов израильдік дипломатты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құру бойынша жүргізіп жатқан маңызды реформалары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
«Ц. Вапни жаңа жылдағы екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібінің өзектілігін атап өтіп, белсенді әрекеттесуге дайын екенін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Израиль бастамаларын одан әрі ілгерілетуге уағдаласты», деп жазылған СІМ таратқан хабарламада.