• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қаңтар, 2023

Жетісу облысындағы жеке үйде газ баллоны жарылды

413 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 13.36-да Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы жеке тұрғын үйде көлемі 5 литр болатын газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан төрт адам, оның ішінде бір бала медициналық мекемеге жатқызылды. 1956 және 1980 жылы туған екі әйел денесінің 40-50% күйіктерімен жансақтау бөлімінде жатыр. 1961 жылы туған ер адамның қолын орташа ауырлықта күйік шалған, 2019 жылы туған бала қол мен аяқтың жеңіл күйіктерін алған.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері 2 бірлік техника күшімен өртті сағат 14.15-те сөндірді.

Өрт қатты отынмен жылытылатын пештің жанындағы 5 литрлік газ баллонының жарылуынан болған.

ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және газ баллондарды жылыту пештерінің жанында және басқа да жылдам қыздыру тәсілдері арқылы жылытпауға кеңес берді.