• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қаңтар, 2023

Дархан Қыдырәлі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

269 рет
көрсетілді

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уфук Екиджимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz АҚДМ-ға сілтеме жасап.

Жүздесу түрік тарапының бастамасы бойынша Өкілетті елшінің миссиясының аяқталуына орай өтті.

Жиын барысында Дархан Қыдырәлі Қазақстан Президенті жүргізіп жатқан реформалар туралы және министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша ақпарат берді.

«Кейінгі үш жылда қазақ-түрік қатынастары одан әрі нығайып, қос тарап түрлі салаларда, әсіресе медиа, жастар саясаты бағытында бірқатар бірлескен жоба жүзеге асты», деді ол.

Өз кезегінде Уфук Экиджи мырза министрліктің құзіретіндегі салалардың қызметіне жоғары бағасын берді.

Кездесу соңында Дархан Қыдырәлі Уфук Екиджи мырзаның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай, алдағы маңызды әрі жауапты қызметтеріне толайым табыстар тіледі.