• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Ауа райы 21 Қаңтар, 2023

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

192 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел күшейіп, 23-28 м/с жетеді.

Шымкент қаласында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20, 23-28 м/с жел күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.