• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қаңтар, 2023

ШҚО-да қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды

338 рет
көрсетілді

22 қаңтарда сағат 05:40-та Зайсан ауданында, Қаратал ауылынан 25 шақырым жерде екі көлік қар құрсауында қалып қойды, оларда 7 адам болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жолаушыларға жол талғамайтын техникамен көмекке келген 25-ӨСБ құтқарушылары Дайыр ауылына 4 адам, Зайсан қаласына 3 адамды аман-есен жеткізді.

Бұл ретте ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шаралары туралы еске салады.

«Егер көлік қысқы жолға жабдықталмаған болса қараңғы түскенде жолға шықпаңыз. Егер шығу қажет болса, тамақ, ыстық сусындар мен жылы киімдерді, қуатталған ұялы телефонды алып жүруді ұмытпаңыз.  Автокөлік ауа-райына сәйкес жабдықталуы керек. Бұл тек қысқы резеңкені ғана емес, сонымен қатар жүксалғышта күрек, кабель, фонарь, алғашқы көмек жинағын алып жүруді білдіреді. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз», делінген облыстық ТЖД хабарламасында.