• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Қаңтар, 2023

Бахрейнде екі жүлде бұйырды

220 рет
көрсетілді

Бахрейннің астанасы – Манамада сем­серлесуден жастар арасындағы әлем ку­богі ақталды. Бұл жарыста 14 мем­лекеттен келген 100-ге тарта спорт­шы бақ сынады.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан жас­тар құрамасының мүшесі Богдан Лукин табысты өнер көрсетті. Бастапқы бәсекелерде барлық қарсыласынан басым түскен ол жартылай финалда эстониялық Салм Маркустан бір ғана ұпай ұтылып, қола медаль иеленді. Нәтижесінде, Балтық жағалауының өкілі күміспен күптелсе, бас жүлде мысырлық Ел-Сайд Мұхаммедке бұйырды. Тағы бір қоланы иорданиялық Оден Лиад еншіледі. Өзге жерлестеріміз мынадай орындарды иеленді: Алексей Касаткин – 9, Георгий Тинников – 32, Михаил Кузьмин – 40, Аңсар Қасен – 44, Арман Жабайханов – 58 және Владислав Снегирев – 59.

Командалық сайыстың «шпага» жаттығуы бойынша Қазақстан құрамасы күміс медаль олжалады. Біздің жігіттер жартылай финалда Эстонияны жеңгенімен, ақтық сында Мы­сырға есе жіберді.