Штаб-пәтері Германияның Бонн қаласында орналасқан Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы (IFFHS) әлемнің ең үздік ішкі чемпионаттарының рейтингін жариялады.
Аталған ұйым бұл тізімге 80 мемлекетті енгізген екен. Өкінішке қарай, солардың қатарында Қазақстан жоқ. IFFHS сарапшыларының пайымдауынша, біздің Премьер-лига Замбия, Албания, Грузия, БАӘ, Никарагуа, Ангола, Эстония, Венесуэла, Латвия, Гватемала, Әзербайжан, Танзания, Судан, Кипр секілді елдердің біріншіліктерінен де нашар екен. Тіпті, Өзбекстанның өзі жерлестерімізден әлдеқайда жоғары тұр. Олар 57-орынды иеленуде. Ресейге бұл тізімде ең соңғы 80-орын бұйырған екен.
Ал көшбасшылар жайында айтар болсақ, бірінші орында – Бразилияның «А» сериясы. Екінші орында – Англияның Премьер-лигасы. Үшінші сатыға Испанияның Ла Лигасы орналасты. Сондай-ақ Германияның Бундеслигасы, Италияның «А» сериясы, Францияның 1 лигасы, Португалияның «Примейрасы», Нидерландтың «Эредивизиі», Аргентинаның «Примерасы» және Парагвайдың «Професьональ дивизионы» ТОП-10 чемпионаттың қатарына қосылды.