• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Қаңтар, 2023

Халықтың таңдауы – ашықтық

263 рет
көрсетілді

Еліміздің жаңа даму белесіне, сая­си жүйені түбегейлі жаңғырту мен трансформациялау жолына бас­қан қадамы – Мәжіліс пен мәсли­хат депутаттарының кезектен тыс сайлауы. Парламенттің төмен­гі пала­тасының жаңартылған құра­мын қалыптастыру арқылы жүйе­лі рефор­маларды іске асыру – сай­лау­дың ашық және бәсекеге қабі­летті түрде өтуін талап етеді. Ортақ мақсат пен мүдде, берекелі бірлігіміз үшін жасаған таңдауымыз кемел келешегімізге кепіл болары анық.

Алдағы сайлаудың – Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы да сайланатыны, үміткерлердің өзін өзі ұсынуына мүмкіндік берілуі, әйелдер, жас­тар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін квота қарастырылуы, облыс­тардағы аймақтық сайлау комиссиялары кәсіби түрде жұмыс істейтіні секілді басқа да бірқатар ерекшелігі қоғам тарапынан қолдауға ие болды.

Мемлекет басшысы: «Саяси жаң­ғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес», деп атап өткен болатын. Бұл ретте азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы өте маңызды. Оны сайлау үдерісінен де көруге болады. Әсіресе, мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтып, Парламенттің рөлін арттыру маңызды болып отырған қазіргі кезеңде халықтың сенім мандатына ие болатын депутаттарға зор үміт артамыз. Қазақ елінің қарыштап дамуы мен өркендеуіне, жаңа мемлекеттік моделін қалыптастыруға бағытталған батыл бастамаларды күтеміз.

Бұл саяси науқан еліміздің дамуы үшін ерекше маңызды. Сайлауға қатысу арқылы азаматтық парызымызды атқарып, болаша­ғымызға лайықты таңдау жасаймыз. Жаңару мен жаңғыру жолындағы Қазақстанды құру – әрқайсысымыздың қолымызда.

 

Гүлзада ШАКУЛИКОВА,

«С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ басқарма төрағасы-ректор