• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қаңтар, 2023

Тірек ауылдарда модульдік спорт нысандары салынады

201 рет
көрсетілді

Қазақстанда жаппай спорт инфрақұрлымдарын салу қолға алынады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі міндеттеріне арналған алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тірек ауылдарда тез салынатын модульдік спорт ғимараттарын салу және дене шынықтыру үшін қолжетімді инфрақұрылым яғни спорт алаңдары, жүгіру және велосипед жолдары, жаяу, сондай-ақ атпен жүретін туристік маршруттар құру жоспарланып отыр. Ол үшін ең алдымен еліміз бойынша жұмыс істеп тұрған спорт нысандарын «ауқымды түгендеу» жұмыстарын жүргізетін боламыз», деді министр.

Негізгі мақсат аймақтарда спорттық инфрақұрылымды дамыту және оның қолжетімділігін арттыру.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар