• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қаңтар, 2023

Art Sport бағдарламасына 86,7 млрд теңге бөлінді

494 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 25 қаңтарда өткен ведомствоның алқалы жиынында Art Sport бағдарламасына 86,7 млрд теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты ілгерілету мақсатында 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар 560 мыңнан астам бала мен жасөспірімді спортқа баулу үшін 86,7 млрд теңге бөлді», деді министр.

Асхат Оралов балалардың спорт және дене шынықтыру сабақтарына қатысуына көп көңіл бөлінетінін атап өтті. Мәселен, 2022 жылы 4 жастан 17 жасқа дейінгі 400 мыңнан астам бала мен жасөспірім 13 мың спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне тегін қатысуға мүмкіндік алды.