• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қаңтар, 2023

Алматы студенттері алкогольді ішімдіктер ішу жөніндегі зерттеулерге қатысты

385 рет
көрсетілді

Мына қызықты қараңыз, Қазақстан заңнамасына сәйкес алкогольді ішімдіктерді тек 21 жастан асқандарға сатуға рұқсат етіледі. Алайда «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ Алматы Менеджмент Университеті студенттерінің көмегімен жүргізген зерттеулер мүлде басқа жәйттерді анықтап отыр. Мәселен, сауалнамаға қатысқандардың 63%-ы арақ-шараптың дәмін алғаш рет 18 жасқа дейін, 31%-ы 18 бен 21 жас аралығында, тек 6%-ы ғана 21 жастан асқан соң татып көрген.

Ең өкініштісі – бұл зерттеулер жастар арасындағы маскүнемдіктің 25%-ы күйзеліс, үйдегі ұрыс-керіс пен торығудан, тығырыққа тірелуден болатынын анықтап отыр.

Зерттеудің мақсатты тобына AlmaU Университетінің бірінші курста оқитын 32 студенті тартылды. Жобаның сырттағы іс-шаралары 2022 жылдың 10 қазанынан 10 қарашасына дейін өткізілді. Зерттеу аясында Алматының 16 жоғары оқу орнының студенттерінен сауалнама алынды.

«18-21 жас және одан жоғары жастағы 947 респондент қатысқан зерттеу әлеуметтік сауалнама әдісімен жүргізілді. Бірінші бөлімде респонденттердің жасы, олардың қауіп факторларына кіру/кірмеуі, зиянды азайту тәсілдері туралы хабардар болуы, зиянды өнімдер туралы ақпараттың жалпы деңгейіне қанағаттануы туралы сұрақтар болса, екінші бөлімде респонденттердің алкогольді тұтынуға көзқарасы мен алкогольді тұтынуға қарсы қандай шаралар тиімді деп санайтыны туралы арнайы сұрақтар болды», дейді «Денсаулық Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ сарапшысы Данила Бектұрғанов.

Денсаулыққа зиянды факторлар ретінде темекі шегу (59%), алкоголь тұтыну (52%), қозғалмайтын өмір салты (30%), теңшелген тамақтану (33%) және артық салмақ (34%) аталды.

Сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі (33%) арақ-шараптың ұдайы қымбаттап жатқаны ішімдік ішуге тоқтау сала алмайтынын мәлімдеген. Қалған респонденттер бағаның өсуі тұтынуға әсер ететінін мойындады. Яғни 27%-ы алкогольді сатып алуды сиретсе, 16%-ы арзан брендтерді, 15%-ы аз мөлшерде, ал 9%-ы күштілігі төмен сусындар сатып алады екен.

Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 28%-ы алкогольдің денсаулыққа зиянын азайту мүмкін емес десе, 25%-ы егер алкоголі аз сусындарға ауысса, зиянын азайтуға болады дейді. Жалпы студенттердің 47%-ы ішуді азайту мен дозасын төмендету зияндылығы да азая түсуі мүмкін деп ойлайды.

Респонденттер көпшілігі жастар арасында маскүнемдіктің таралуына не себеп деген сұраққа араласатын ортасының ықпалын алға тартып отыр.

«Сауалнамаға қатысқандардың 42%-ы маскүнемдіктің таралуының басты себептерінің бірі алкогольдің арзандығы деп есептейді. Бұл деректер 2018 жылғы зерттеулермен сәйкес келеді, ол кезде сауалнамаға қатысқандардың 43%-ы алкогольдің қолжетімділігін көрсеткен.

Сауалнамаға қатысқандардың 27%-ы алкогольдің зияны туралы білімнің жеткіліксіздігін көрсетеді, бұл да 2018 жылдың мәніне жуық, ол кезде респонденттердің 21%-ы осы себепті көрсеткен.

Шамамен сұралғандардың 25%-ы торығу, күйзеліс, ұрыс-керіс пен тығырыққа тірелу салдарынан ішімдікке үйір болып жатқанын алаңдатады. Бұл көрсеткіш 2018 жылғы деректермен салыстырғанда біршама өсті, ол кезде бұл көрсеткіш 22% болатын», дейді «Денсаулық Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ дәрігері және төрағасының орынбасары Гинтаутас-Юозас Кентра.

Дегенмен сауалнамаға қатысқандардың 52%-ы алкогольдік ішімдіктерді сату шарттарын қатаңдату мен бағаны көтеру маскүнемдікпен күресте тиімді шара деп санайды (2018 жылы 45%); 42%-ы айыппұл салған дұрыс деген (2018 жылы 36%).  27%-ы салауатты өмір салтын насихаттауға көбірек көңіл бөлу керек десе, (2018 жылы 22%), ал 26%-ы арзан немесе тегін спорт секцияларының санын көбейту керек деп есептейді (2018 жылы 23%). 22% бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тақырыпты үнемі талқылау тиімді шаралар болады деген пікірде (2018 жылы 15%).

Зерттеу нәтижесінде студенттердің 38%-ы өздері оқитын ЖОО-да алкогольдің зияны туралы ешқандай профилактикалық жұмыс жүргізілмейтінін немесе мұндай жұмыс тиімсіз жүргізіліп жатқанын жазған, өйткені респонденттер бұл туралы естімеген.

АЛМАТЫ