• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Қаңтар, 2023

Өзбекстанда 17 мыңнан астам шенеунік жұмыссыз қалады

283 рет
көрсетілді

Өзбекстанда әкімшілік реформа аясында 17 мыңнан астам шенеунік жұмыстан босатылады. Бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев «Республиканың атқарушы билік органдарының қызметін тиімді жолға қою жөніндегі бастапқы ұйымдастыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес, министрліктер мен ведомстволарда бюджеттік және бюджеттік емес қаражат есебінен қаржыландырылатын басшылар мен өндірістік персонал, атап айтқанда, 17 447 адам қызметінен босатылады. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 24 пайызын құрайды. Соның ішінде министрліктер мен ведомстволар басшыларының орынбасарларының саны 207-ден 144-ке, яғни 30 пайызға қысқартылды.

Министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің жалпы саны 56 573 штаттық бірлікпен шектелген. Қаулыда министрліктер мен ведомстволардың бюджеттік емес қаражаты есебінен басшы персоналдың қосымша штат бірліктерін енгізуге үзілді-кесілді тыйым салынады.

Мемлекеттік аппаратты реформалау нәтижесінде 703 қызметтік көлік пен 10 ғимарат босатылды. Алдын ала болжам бойынша, қызметкерлерді қысқарту 1,5 триллион сумды (132 миллион доллар), ал қызметтік көліктер санын азайту тағы 70 миллиард сумды (6 миллион доллар) үнемдейді.