Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің алты облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ертең елордада күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Жетісу облысында Алакөл ауданында оңтүстік шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында қарлы жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қарлы жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында боран соғады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз өңірдің көп бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 23 м/с құрайды. Петропавлда оңтүстік батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.