• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қаңтар, 2023

Мемлекеттік тілді үйрететін жоба

162 рет
көрсетілді

Еліміздің 12 өңірінде тегін қазақ тілі курсы ашылды. «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы аясында «Сөйле» тілдесу клубының жиынын өткізіп жатыр.

«Жастар рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаев бір аптаға же­тер-жетпес уақытта 3 мыңнан астам өтінім келіп түскенін атап өтті.

«Сабақ аптасына бір рет өткі­зі­леді. Ал біз бұл клубтардың жұ­мы­сын үйлестіреміз. Қазақ тілін меңгергісі келетін адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік беру қа­жет. Партияның саяси тұғыр­на­ма­сында жазылғандай, тіліміздің мәртебелі және қажетті қатынас құралына айналуына тікелей мүд­деліміз. Тіл үйрену – тиімді әрі қол жетімді болуы керек. Мем­ле­­кеттік тіл қазақ қоғамын бірік­ті­ре­тін күшке айналуға тиіс», деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тіл үйренушілерге жай ғана ынта танытқан мұғалімдер емес, жаңашыл әдістерді мең­гер­ген мамандар сабақ береді.

«Тілді тиімді әдіс бойынша үйретеміз. Біз тек сабақ өткізіп қана қоймай, театр, қазақ фильмдерінің көрсетілімі сынды мәдени орындарда ұлттық мәдениетпен таныс­тыруды көздейтін түрлі іс-шара ұйымдастырамыз. Қатысу­шы­ла­рымыз тіл үйреніп қана қой­май, қоғамдастығымыздың бір мүшесі болғанын қалаймыз. Қа­тарымызға барынша көп адам қо­сылып, қазақ тілін үйрену­ші­лер­дің саны артса екен дейміз», деді Яков Федоров есімді белгілі блогер.

Клуб отырысы «Жастар рухы­ның» Астана, Алматы қала­ла­рында және Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Пав­лодар, Солтүстік Қазақстан об­лыстарындағы филиалдарында өтеді.