• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Ауа райы 26 Қаңтар, 2023

26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

285 рет
көрсетілді

Синоптиктер 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Еліміздің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлері жоғары атмосфералық қысым аумағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Басқа аймақтарда атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, жаяу бұрқасын болуы мүмкін, жел күшейеді, тек батыста және оңтүстікте тұман түседі», делінген хабарламада.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында 25 градус қатты аяз болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады. Жел оңтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -18-20, күндіз -11-13 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел жылдамдығы 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -2-4 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз +1+3 градус болады.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ