• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Білім 26 Қаңтар, 2023

ҚАЗТЕСТ сертификаттары электронды форматқа ауыстырылды

393 рет
көрсетілді

​2023 жылдан бастап ҚАЗТЕСТ сертификаттары ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының certificate.testcenter.kz сайты арқылы электронды форматта беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​ҚАЗТЕСТ электронды сертификатында алушының деректері, жинаған балы, жарамдылық мерзімі және QR-коды көрсетіледі, оны сканерлеу арқылы құжаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.

​«Бұған дейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат қағаз түрінде берілетін. Енді докторантураға түсушілер, «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері және басқалары ҚАЗТЕСТ сертификаттарын электронды форматта алатын болады. Алайда жарамдылық мерзімі өтпеген қағаз нұсқадағы сертификаттардың жарамдылығы сақталады», деп атап өтті ҰТО директоры Руслан Емелбаев.