• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 28 Қаңтар, 2023

Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды

234 рет
көрсетілді

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК лауазымды тұлғалары жемқорлық әрекеттері үшін күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

- Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сондай-ақ Комитеттің Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді, - делінген Антикордың хабарламасында.

Қазір лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.