• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Ауа райы 28 Қаңтар, 2023

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

319 рет
көрсетілді

Еліміздің бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазгидромет мәліметінше, 29 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын соғады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, түнде солтүстік пен шығыстан соғып, секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде және Орал қаласында тұман күтіледі.

Сондай-ақ тұман Қызылорда облысының солтүстігі мен Түркістан облысының оңтүстік аймағында болады деген болжам бар.