• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2023

Шымбұлақтағы рестобардан өрт шықты

295 рет
көрсетілді

Алматыда Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы рестобар өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Руслан Иманқұловтың айтуынша, оқиға бүгін сағат 05:30-да болған. «Шымбұлақ» тау-шаңғысы кешенінде үш қабатты «Облака» рестобары өртеніп кетті. Арнайы өрт техникасына арналған кірме жолдардың болмауына байланысты өртті ішкі өртке қарсы крандар арқылы өшірген.

«Өрт 08:05-те ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала дерек бойынша өрттің ауданы - 800 шаршы метр. Өрт толығымен сағат 08:30-да сөндірілді, бұл үшін қар генераторы қолданылды», деді ол.

Алматының төтенше жағдайлар департаменті осы оқиғаға қатысты кейінірек толығырақ мәлімет береді.