• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2023

Павлодарға жаңа қоғамдық көліктер жеткізілді

318 рет
көрсетілді

Павлодарда №1 автобус паркі кезекті 10 жаңа автобуспен толықты. Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл – ZHONG Tong маркалы 12 метрлік үш есікті автобустар. Жалпы сыйымдылығы 85 адамға шақталған, 24 орындық, 8 бейнекамерамен, климатты бақылаумен жабдықталған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлы екендігін атап өткім келеді. Қоғамдық көліктерге валидаторлар орнату қажет. Жаңа автобустар 5 ақпанға қарай желіге шығарылады», делінген жазбада.

Қоғамдық көліктерді көп шағым түскен №111 маршрут бойынша жіберу жоспарланып отыр. Нәтижесінде қозғалыс аралығы 15 минутты құрайтын болады.Тасымалдаушыға наурыз айының соңына дейін облысқа сыйымдылығы жоғары тағы 40 автобус қою міндеті қойылған. Оның 20-сы Павлодар және 20-сы Екібастұз қаласына арналған.