• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Қаңтар, 2023

ШҚО-да интернет алаяқтар тобы ұсталды

226 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері интернет алаяқтар тобын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мақсатты іс-шаралар өткізу нәтижесінде 2022 жылдың қаңтарынан бастап интернет желісі арқылы алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

Биылғы жылдың 19 қаңтарында тәртіп сақшылары Өскемен қаласында қылмыстық әрекетті ұйымдастырған адамды ұстаған, ол 28 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ оның 22 және 27 жастағы көмекшілері болғаны анықталды.

Күдіктілер Instagram әлеуметтік желісінде жалған «бір күндік» аккаунт ашып, онда «онлайн несие ресімдеуге көмек» туралы хабарландырулар орналастырған. Әрі қарай жалған хабарламаға алданған тұлғалардың атына тауарлық кредиттер ресімделген. Қазіргі уақытта Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде және Шығыс Қазақстан облысында тұратын 109 жәбірленуші анықталған.

Күдіктілердің тұрғылықты жеріне тінту іс-шараларын жүргізу барысында теңгеріміне 60-тан астам тұлғалардан толықтырулар жасалған ұялы телефондар, түрлі банктердің банктік карталары, ұялы байланыс операторының Simply карталары тәркіленген.

Жедел-тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында олар қылмыс жасау үшін 253 мобильді құрылғы мен ұялы операторлардың 573 абоненттік нөмірін пайдаланғаны анықталды.Сонымен қатар жүргізілген тергеу әрекеттері барысында күдіктілер жәбірленушілерге несие ретінде ресімделген теледидар, планшет, ұялы телефондарды Өскемен қаласының ломбардтары мен комиссиялық дүкендеріне өткізгендері анықталды, полиция өткізілген тауарлардың жазбалары бар журналдар сияқты заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Криминалдық полиция қызметкерлері осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында басқа облыстарға бағдар жолдады.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚҚ-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс шаралары жалғасып жатыр.