• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 31 Қаңтар, 2023

Астана су қоймасын сумен қамтамасыз ету шаралары ұлғайтылады

355 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өтіп жатқан елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы барысында қаладағы резервтік сумен жабдықтау көздеріне қатысты мәселені қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінде резервтік сумен жабдықтау көздеріне қатысты мәселе әлі де өзекті болып қала береді. Су жетіспеушілігі туындаған кезде халыққа үлкен қауіп төнуі мүмкін, тұтас қала сусыз қалады», деді Президент.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Экология министрлігі қала әкімі ортаға салған барлық ұсыныстарды пысықтап, оның ішінде Астана су қоймасын сумен қамтамасыз етуді ұлғайту мәселесін шешуі қажет екенін айтты.

«Сондай-ақ №3 сорғы-сүзгі станциясы мен екінші кәріз-тазалау жүйесінің құрылысын жеделдету маңызды», деп қосты Қасым-Жомарт Кемелұлы.